Филология ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін дайындалған диссертацияның авторефераты: 10.02.20 — салыстырмалы-тарихи,типологиялық және салғастырмалы тіл білімі. — әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті. – Алматы: 2010. — 31 б.
Зерттеу жұмысының нысаны — қазақ және ағылшын тілдеріндегі нақ осы шақтың функционалды-семантикалык өpici.
Зерттеу жұмысының пәні - қазақ және ағылшын тілдеріндегі нақ осы шақтың шағын өрісінің берілу жолдары, тілдік бірліктердің семантикасы мен қолданысының табиғи кызметі.
Зерттеудің мақсаты мен міндеттері. Қазақ және ағылшын тілдеріндегі нақ осы шактың шағын өрісін жүйелі-құрылымдық және функционалды-семантикалық өpic тұрғысынан кешенді түрде қарастыру зерттеудің мақсаты болып табылады. Салыстыра байланысырып отырған тілдердегі нақ осы шақ өpici семантикасының ұқсастықтары мен ерекшеліктерін айқындау. Осы мақсатқа жету жолында мынадай міндеттер алға қойылды:
- уақытқа қатысты нақ осы шақ өрісін құрылымдық және функционалды грамматика тұрғысынан ғылыми негіздеу;
- нақ осы шақтық мағынаның шеңберінде локативтілік, аспектуалдылық, таксистік, шақтық локалдылық/бейлокалдылық ұгымдардың 6ip-6ipiмeн тығыз байланыстылығын анықтау және семантикалық категориялармен астас тұстарын қазақ, ағылшын тілдеріндегі материалдардың негізінде көрсету;
- нақ осы шактың қазақ, ағылшын тілдеріндеі мағыналық құрылымын айқындау;
- нақ осы шақ шағын өрісінің негізгі өзегін жасауға қатысатын көсемше түріндегі -ып, -in, -п аналитикалық форманттары мен
отыр, жатыр, тұр, жүр қалып етістіктерінің ағылшын тіліндегі
be (am, are, is) көмекші етістігі мен
-ing аналитикалық формантының тіркесімділігінің жұмсалу ерекшелігін анықтау;
- нақ осы шақтың ұғымын тілдің тек грамматикалық қана емес, өрістің шеткері аймағында орналасқан тілдің өзге де деңгейіндегі тілдік бірліктері (мезгіл үстеулері, сілтеу есімдігі) білдіретінін қазақ, ағылшын тілдеріндегі материалдар бойынша дәлелдеп көрсету.