Оқу құралы. — Өскемен: Берел, 2019. — 141 б.
Оқу құралының басты мақсаты студенттердің деректер қорын басқару жүйесі (ДББЖ) негізінде қосымшаларды әзірлеу және пайдалану саласында теориялық және практикалық білім алуы болып табылады. Оқу құралында ДҚБЖ негізіндегі реляциялық деректер қорын әзірлеу технологиялары, деректерді манипуляциялау тәсілдері және әр түрлі күрделілік деңгейдегі SQL тіліндегі сұраныстарды құрастыру сипатталған.
Оқу құралы 2018 ж. енгізілген жаңа білім беру бағдарламалар классификаторы құрамындағы «6B061 — Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар» бакалавриат бағытына кіргізілген мамандықтардың дайындық мазмұнына сәйкес келеді, ал кейбір қосымша тарауларында «7М061 — Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар» магистратура бағытында мамандардың құзыреттілігін қамтитін сұрақтар талқыланған.