Ғылыми мақалалар жинағы. Жауапты редакторы Қоңырова А. — Алматы: Полилингва, 2021. — 286 б. — ISBN 9786012705096.
Автор бұл жинаққа жылдар бойы зерттеп жүрген тіл білімінің бағыттары бойынша жарық көрген ғылыми еңбектерін біріктірген. Жинақ Абай шығармаларының Шығыспен лингвомәдени байланысы және когнитивтік сипаты сияқты Абай шығармалары тілін зерттеген мақалалардан, типологияның ұғымдық аппараты, типологиялық жіктемелердің негіздері, қазіргі жайы, басты проблемалары, зерттеу аспектілері мен негізгі бағыт-бағдары жан-жақты талқылынған ғылыми мақалалардан, когнитивтік тіл білімінің тарихы, құрылымдық, жүйелілік, қызметтік сипаттары мен теориялық мәселелері жалпы тіл білімі тұрғысынан қарастырылған мақалалардан, көне түркі жазба ескерткіштеріндегі шешендік сөздердің когнитивтік сипаты және көне түркі жазба ескерткіштеріндегі концептілердің лексикалық ерекшелігі зерделенген мақалалардан тұрады. Жинақ филолог мамандар мен оқытушыларға, ғылыми қызметкерлерге, студенттер мен магистранттарға арналған.