Зарегистрироваться
Восстановить пароль
FAQ по входу

Абжалов Р.С. Фотохимиялық процестерді қолдану арқылы химиялық қаптамалар технологиясын әзірлеу

  • Файл формата pdf
  • размером 3,78 МБ
  • Добавлен пользователем
  • Описание отредактировано
Абжалов Р.С. Фотохимиялық процестерді қолдану арқылы химиялық қаптамалар технологиясын әзірлеу
Философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін дайындалған диссертация. : 6D072000 - Бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы. — М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті. — Шымкент: 2023. — 152 Б.
Отандық ғылыми кеңесшілер:
т.ғ.д.профессор Сатаев М.С.
т.ғ.к.доцент Қошқарбаева Ш.Т.
Шет елдік ғылыми кеңесші:
Ташкент химия-технологиялық институтының профессоры техника ғылымдарының докторы Эркаев А.У.
Жұмыстың практикалық құндылығы:
Орындалған зерттеу жұмыстарының нәтижелері бойынша диэлектрлік материалдар бетінде фотохимиялық процестерді қолдану арқылы мыс, никель және күміс қаптамаларын алудың жаңа аналогтік қарапайым технологиясы және металданудың алдында диэлектрлік материалдар бетін белсендіру әдісі жасалды. Жүргізілген зерттеу жұмыстарының нәтижелері, диэлектрлік материалдардың бетін металдандыру процестерінде және кӛп функциялы қасиетке ие наноӛлшемді қаптамаларды алудың теориялық және практикалық мәнінің жоғары екенін айқындады.
Диссертациялық жұмыста келесі ғылыми нәтижелер алынды:
1.Фотохимиялық процестерді қолдану арқылы алынған диэлектриктің беткі қабатындағы дисперсті металл бӛлшектерінің құрамы мен беттің қараю дәрежесінің ӛзгеруі арасындағы байланыс құрылды.
2. Алғаш рет мыс монохлоридін трансформациялау нәтижесінде алынған жартылай ӛткізгіш күміс хлориді негізінде күміс бӛлшектерін алу процесі жүзеге асырылды (ПМ патенті №4342 жария. 04.10.2019).
3. Фотохимиялық процестер саласында ғылыми зерттеулер жүргізудің ғылыми негізделген әдістемесі жасалды ( №4911 авторлық куәлік).
4. Алғаш рет химиялық металдандыру алдында диэлектрлік материалдар бетін фотохимиялық активтендіру әдісі (ПМ патенті №5088 жария. 26.06.2020) жасалынды.
5. Мыс топшасы металдары галогенидтерінің бинарлы жартылай ӛткізгіш қабықшаларында пайда болатын процестердің жарыққа сезімталдығы анықталды, бұл ары қарай диэлектриктердің таңдамалы металдануын жүзеге асыруға мүмкіндік береді.
6. Алғаш рет фотохимиялық тотықсыздандыру арқылы алынған диэлектрлік материалдар бетіндегі қаптамалардың зиянды электромагниттік сәулелерінен қорғаныштық қабілеті (96-97%) анықталды.
7. Мақта-матасының бетіндегі мыс топшасы металдары галогенидтерінің фотохимиялық тотықсыздануының қозғаушы күші мата құрамындағы целлюлоза молекулаларының фотототығуы болып табылатындығы кӛрсетілген.
8. Мақта-мата материалының беткі қабатында фотохимиялық әдіспен алынған мыс және күміс құрамды қабықшалардың S.epidermidis (АТСС 14990 тест-мәдениеті) бактериясына қарсы тұрақтылығы (күміс (24мм (100%)), мыскүміс (22мм (91%)), мыс (19мм (82%)) зерттелді.
9. Мыс монохлориді қабықшасын газ тәрізді фосфинмен ӛңдеу арқылы мыс фосфидінің түзілу процесі жүзеге асырылды.
10. Диэлектрлік материалдар бетінде фотохимиялық процестерді қолдану арқылы мыс, никель және күміс қаптамаларын алудың аналогтік қарапайым технологиясы жасалынды.
11. Фотохимиялық тотықсыздану процесін жүзеге асырудың оңтайлы параметрлері (CuCl2 концентрациясы бойынша 50-200г/л, AgNO3 1-20 г/л, уақыт бойынша 40-60минут, температура бойынша 25-400С, күн сәулесі ағынының тығыздығы бойынша CuCl2 -1000-1200Вт/м2
, AgNO3 - 500-600Вт/м2) анықталды.
12. Мыс (ІІ) хлоридінің тотықсыздануы нәтижесінде металдық мыс түзілу процесі бойынша математикалық жоспарлау әдістері қолданылып, сызықтық және квадраттық функциялар орнатылды
  • Чтобы скачать этот файл зарегистрируйтесь и/или войдите на сайт используя форму сверху.
  • Регистрация