Оқу құралы. — Астана: КазАТУ, 2014. — 142 б.
Ұсынылып отырған оқу құралында автотракторлық қозғалтқыштардың теориялық және нақты циклдері, қозғалтқыштың негізгі көрсеткіштері, сипаттамалары, әрекет ететін күштері мен моменттері туралы мәлімет берілген.
Сондай-ақ, кітапта автотракторлық қозғалтқыштың сору, сығу, жану, ұлғаю процесі, индикаторлық диаграммасын құру, қозғалтқыштың индикаторлық, тиімділік көрсеткіштері, қозғалтқыштың негізгі өлшемдерін анықтау әдістемесі берілген. Қозғалтқыштың айналшықты-бұлғақты механизмнің динамикалық және кинематикалық есебі: піспек жүрісінің үдеуін анықтау, газ тарапынан піспекке әсер ететін күштің жазық диаграммасын сызу, айналшақ механизмі бөлшектерінің жылдамдай түсетін қозғалысы нәтижесінде алынатын екпін күшін анықтау, орталық айналшақ-бұлғақты механизге әрекет ететін қосынды күштерді анықтау, қозғалтқыштың айналдыру моментінің графигін құру, қозғалтқыш тегершіктің массасын анықтау әдістемесі берілген. Қосымшада қозғалтқыштың жылулық және динамикалық есептеулері және тест сұрақтары берілген. Кейбір тараулар өңделген толтырылған. Бұрын басып шығарылған кітаптан айырмашылығы осындай.
Оқу құралы техникалық жоғарғы оқу орындары студенттеріне арналған, сонымен қатар техникалық колледждердің оқушылары мен ауыл шаруашылығында, автокөлік кәсіпорындарында қызмет атқарып жүрген техника мамандарының да пайдалануына болады.