Философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін дайындалған диссертация. : 6D071900 - Радиотехника электроника және телекоммуникациялар. — Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті. — Алматы: 2022. — 140 б.
Ғылыми кеңесші:
т.ғ.к.Халықаралық ақпараттық технологиялар университетінің профессоры А.З. Айтмагамбетов Қазақстан Республикасы.
Шетелдік ғылыми кеңесші:
э.ғ.д. т.ғ.к. профессор Ресей жаратылыстану ғылымдары академиясының «Ақпараттық және телекоммуникациялық технологиялар» бөлімшесінің төрағасы, академигі В.О. Тихвинский Ресей Федерациясы.
Диссертацияның мақсаты:
Қазақстан Республикасының аумағында РЖС тиімді пайдалануды жүзеге асыру үшін радиобақылау кешені ретінде төмен орбиталы ШҒА қолдану мүмкіндігін талдау, радиосәуле тарату көздерінен таратылатын сигналдарды талдау әдістерін негіздеу, жерсеріктік радибақылау жүйесінің көмегімен жерүсті радиосәуле тарату көздерінің орналасу жерін анықтау мақсатында радиосәуле тарату көздерінің орналасқан жерін анықтау әдісі мен имитациялық моделін әзірлеу.