Оқу құралы. — Алматы: Қазақ университеті, 2018. — 156 б.
«Қоршаған орта объектілерін талдаудағы химиялық және аспаптық әдістер» атты оқу құралында қоршаған ортаны қорғаудағы маңызды іс-шараларды жасау аналитикалық бақылау үлесіне жататындығы түсіндіріледі. Соңғы жылдардағы дабыл қағып жүрген экологиялық жағдайлар аналитикалық зерттеулерді қажет етуде. Кез келген материал сапасының критерийлері мемлекеттік стандарттармен байланысты. Аналитикалық бақылау әдісін рационалды түрде таңдау, метрологиялық қамтамасыз ету мен стандарттау сапалы өнім алудың шешуші факторлары туралы мәліметтер берілген. Сонымен қатар бақылау орындалуының негізгі сатылары және объектілерді талдаудың химиялық және аспаптық әдістері келтірілген.