Оқу құралы. — Алматы: Қазақ университеті, 2018. — 290 б.
Оқу құралы математика, механика, математикалық және компьютерлiк модельдеу және т.б. техникалық ғылымдар бағытындағы мамандықтар бойынша бiлiм алушыларға арнап жазылған.
Кiтапта математикалық физиканың негiзгi теңдеулерi: толқындық, жылуөткiзгiштiк, лаплас, пуассон теңдеулерi және оларға қойылатын негiзгi есептер мен оларды шешудiң әдiстерi қарастырылған. Әрбiр тақырыпта қысқаша теориялық түсiнiктер мен мысалдар келтiрiлiп, жаттығулар мен өзiндiк жұмыстар жинағы берiлген.
Оқу құралының мазмұны автордың «Математикалық физика теңдеулерi» пәнi бойынша Абай атындағы ҚазҰПУ мен әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-де оқып келе жатқан дәрiстерi мен жүргiзген семинарлық сабақтарының материалдарына негiзделген.