Алматы: Сенім, 2020. — 80 б.
Кешенді қосылыстар немесе координациялық қосылыстар — жай химиялық қосылыстардың әрекеттесуі нәтижесінде түзілетін құрамы күрделі химиялық қосылыстар. Кешенді қосылыстарға кристаллогидраттар CuSO4·5H2O, аммиактар CaSO4·4NH3, ашутас KAl(SO4)2·12H2O, т.б. күрделі қосылыстар жатады. Кешенді қосылыстарда орталық орын алып тұрған ион немесе атом кешентүзуші деп, ал оның айналасына жиналған, яғни координацияланған иондарды немесе молекулаларды лигандалар деп атайды.