Алматы: АЭЖБУ, 2013. — 92 б. — ISBN: 978-601-7327-51-4.
Оқу құралында LabVIEW программалау ортасы, негізгі ұғымдар және LabVIEW панелдері келтірілген. Сондай-ақ NI ELVIS виртуалды құралдар технологиясы және NI ELVIS виртуалды аспабында әртүрлі электронды аспаптар зерттеліп, сипаттамалары келтірілген. LabVIEW ортасындағы өлшеуіш аспаптардың модельдері жасалып өлшеулер жүргізу реті көрсетілген.