Алматы: ҚазҰТУ, 2014. – 250 б. ISBN: 978-601-228-621-2
Оқу құралы бес бөлімнен тұрады. Бірінші бөлімде – сырықтардың орнықтылығы; критикалық күшті анықтайтын Эйлер формуласы, сырықтардың орнықтылығының сызықтандырылған теңдеулері, орнықтылық есептерін шығарудың энергетикалық және динамикалық әдістері, орнықтылықтың вариациялық принципі, әртүрлі шекаралық шарттарға қатысты критикалық жүктемелерді табу жолдары қарастырылған.
Екінші бөлімде – тілімдердің орнықтылық есептері, оларға қойылатын шекаралық шарттар, тілімдердің қысқартылған теңдеулері, тілімдер
орнықтылығын анықтаудың жуықтау әдістері келтірілген.
Үшінші бөлімде – сақинаның орнықтылық есебі, цилиндрлік қабықшалардың орнықтылығы, олардың қысқартылған теңдеулері, әртүрлі
шекаралық шарттардың қойылуы мәселелері қарастырылған.
Төртінші бөлімде – қозғалыс орнықтылығы, Ляпунов теоремалары, екі нормал сызықты дифференциалдық теңдеулермен сипатталатын қозғалыстың орнықтылығы; нормал, тұрақты коэффициентті, сызықты дифференциалдық теңдеулер жүйесімен сипатталатын қозғалыстың орнықтылығы мен орнықсыздық критерийлері.
Бесінші бөлімде – әрбір бөлімге арналған тестілік сұрақтар келтірілген. Механикалық жүйе орнықтылығы пәніне арналған оқу құралы –
машинажасау, көлік, көлік техникасы мен технологиялары, тау-кен ісі, сәулет, құрылыс, т.б. мамандықтарында оқитын студенттерге, бакалаврларға, магистранттарға арналған.